Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді

Сурет: Алматы хайуанттар бағы
Алматы хайуанттар бағында Арчи мен Белла есімді шайқағыш жанаттар үш күшік әкелді. Бұл – кейінгі жиырма жылға жуық уақыт ішінде хайуанаттар бағында дүниеге келген алғашқы шайқағыш жанат төлдері, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күшіктер 27 сәуірде туған. Алғашқы айларда олар анасымен бірге ұяда болып, сыртқа шықпаған. Белла төлдерін ерекше қамқорлықпен бағып, оларға ешкімді жолатпаған. Қазір күшіктер өсіп, өздігінен қозғала бастағандықтан, үлкен қоршауға шығып, айналаны қызығушылықпен зерттеп жүр.

Әзірге күшіктердің жынысы анықталмағандықтан, аты да кейінірек қойылады.

"Шайқағыш жанаттардың жаңа туған күшіктерінің салмағы небәрі 60-70 грамм болады. Олар соқыр әрі саңырау күйде дүниеге келеді және алғашқы апталарда толықтай анасына тәуелді болады. Бұл кезеңде тек ана сүтімен қоректенеді. Қазір күшіктер біртіндеп ересек жануарлардың азығына үйреніп келеді. Рационында ет, балық, көкөніс, жеміс-жидек және сүйікті сұлы ботқасы бар", – дейді "Жыртқыш сүтқоректілер" бөлімінің жетекшісі Гаухар Сергібаева.

Шайқағыш жанаттар отбасы хайуанаттар бағының керіктер экспозициясына қарама-қарсы орналасқан жыртқыш аңдарға арналған "Леопард" аймағындағы ең шеткі қоршауда мекендейді.

Алматы хайуанаттар бағы келушілерді жаңа туған жанат күшіктерін тамашалауға шақырып, жануарлардың тыныштығын сақтау олардың денсаулығы мен қалыпты өсіп-жетілуі үшін аса маңызды екенін еске салды. Мамандар күшіктердің аман-есен өсіп, жетілетініне сенім білдіріп отыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Салық кодексіне жаңа түзетулер енгізілді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді