Қазақстанда мектептердегі білім сапасын теңестіруге 1 млрд теңге бөлінеді
Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 14 қазанда Құрылтайда өткен брифингте жалпы білім беретін мектептердегі білім сапасын арттыруға бағытталған жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол республикалық бюджет жобасындағы әлеуметтік салаларды қаржыландыру көлемін 2026 жылғы көрсеткіштермен салыстырды.
"Жоғары білім саласын қаржыландыру айтарлықтай өзгерген жоқ: биыл 810 млрд теңге болса, келесі жылға 811 млрд теңге қарастырылған. Мәдениет және ақпарат саласына тиісінше 177 млрд және 179 млрд теңге бөлінеді. Туризмге жұмсалатын қаражат аздап қысқарды, бірақ бұл белгілі бір нысанның құрылысына байланысты. Білім беру саласына бөлінетін қаржы 85 млрд теңгеден 86 млрд теңгеге өсті", – деді Жұманғарин.
Вице-премьер қосымша бөлінетін 1 млрд теңгенің қандай мақсатқа жұмсалатынын да түсіндірді.
"Елімізде "Келешек мектептер" жүйесі жұмыс істейді. Осы мектептерге көрсетілетін ғылыми-әдістемелік қолдауды өзге мектептерге де тарату үшін 1 млрд теңге бөліп отырмыз. Бұл елдің барлық өңірінде білім сапасын бірдей жоғары деңгейге жеткізу үшін қажет", – деді ол.
Бұған дейін Жұманғарин әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстардың неліктен азайғанын түсіндірген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript