Астана күні Қазақстанда 448 сәби дүниеге келді

Фото: unsplash
2026 жылғы 6 шілде – Астана күні Қазақстанның медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа туған нәрестелердің 223-і – ұл, 225-і – қыз.

Министрліктің мәліметінше, мереке күні елде екі егіз дүниеге келген. Екі егіз де Астана қаласында туған.

Ең көп сәби Түркістан облысында өмірге келген – 67 нәресте. Ал Алматы қаласында 44 сәби дүниеге келсе, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден туған.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 6 шілдеде Шымкент хайуанаттар бағындағы ерекше тұрғын – Астана есімді керік өзінің туған күнін атап өткені хабарланған болатын. 2010 жылы дүниеге келген әлемдегі ең бойшаң құрлық жануары биыл 16 жасқа толды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді