Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 8 шілдеде "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Жалғыз акционердің шешімімен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды", – делінген қордың ресми Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Талғат Алдыбергенов 1970 жылғы 10 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы теміржол инженерлері институтын және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолының Қазақстан станциясында тауар кассирі болып бастаған. Кейін Орал станциясы бастығының орынбасары, Орал бөлімшесінің жүк және коммерциялық жұмыс бөлімінің бастығының орынбасары, Батыс Қазақстан темір жолының жолдық коммерциялық ревизоры қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ 1998 жылы "Желдорэкспедиция" мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалы директорының бірінші орынбасары, "ҚТЖ" РМК-ның "Фирмалық көлік қызметі орталығы" мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының директоры, "ҚТЖ – Қазтранссервис" мемлекеттік кәсіпорнының директоры, "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖАҚ Көліктік логистика департаментінің директоры, "Кедентранссервис" АҚ президенті (2008), бірқатар көлік компанияларының басқарма төрағасы, "Каспий" тауар биржасы" АҚ президентінің кеңесшісі, сондай-ақ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2024 жылғы маусым – 2025 жылғы шілде) қызметтерін атқарған.
Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне 2025 жылғы шілдеде тағайындалған болатын.