Алматыда ересек адам жасөспірімге күш көрсеткен: видео

Фото: pexels
Алматының Медеу ауданында ересек ер адам мен жасөспірім арасындағы жанжал төбелеске ұласып, қылмыстық істің қозғалуына себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға түсірілген видео алғашында egovpress Telegram-арнасында жарияланды. Жазба авторлары бейнероликке қысқа ғана сипаттама берген.

"Куәгерлердің айтуынша, Алматы қаласының Медеу ауданында бейтаныс ересек ер адам жасөспірімдерді соққыға жыққан", – делінген хабарламада.

Оқиғаға құқық қорғау органдары жедел әрекет етті. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеудің басталғанын растады.

"Кәмелетке толмаған жасөспірімге дене жарақатын келтіру дерегі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 9 шілдеде Zakon.kz тілшісіне.

Полицияның мәліметінше, тергеу барысында жанжалдың туындау себептері мен жағдайлары жан-жақты зерттеліп, оқиғаға қатысқан әрбір адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Қазіргі уақытта тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды