Авиакомпания баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мұндай шешім Омбы қаласы маңындағы әуе кеңістігін пайдалануға енгізілген кезеңдік шектеулерге және рейстердің қауіпсіз әрі тұрақты орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болмауына байланысты қабылдаған. Әуе компаниясы жолаушыларға келесі нұсқаларды ұсынады:
- Бір брондау шеңберінде рәсімделген барлық пайдаланылмаған тасымал бөліктерін қоса алғанда, әуебилет құнын ешбір ұстап қалусыз толық қайтару.
- 2026 жылғы 14 шілдеден бастап Петропавл арқылы балама тасымал нұсқасы ұсынылады.
Екінші нұсқа бойынша Астанадан Петропавлға дейін әуе рейсі орындалып, Петропавлдан Омбы қаласына дейін автобус трансфері ұйымдастырылады. Кері бағытта да дәл солай.
Сонымен қатар, тоқтатылған рейстің әрбір жолаушысына VIETJET QAZAQSTAN рейстерімен болашақ ұшуға арналған 10 000 теңге номиналды ваучер автоматты түрде беріледі.
Бұған дейін кәмелеттік туған күнін Каспий жағасында тойламақ болған жас жігіт жоғалып кеткенін жазғанбыз.