Степногорскіде ер адам әйелімен жанжалдан кейін сегізінші қабаттан секірмек болған

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының тұрғыны 10 шілде күні сағат 13:25 шамасында сегізінші қабаттағы балконнан секірмек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға Степногорск қаласындағы шағынаудандардың бірінде болған. 102 пультіне хабарлама түскеннен кейін үш минут ішінде патрульдік полиция взводының қызметкерлері Дамир Нұртасов пен Арман Бләлов оқиға орнына жеткен.

Сегізінші қабатқа көтерілген полицейлер балконның карнизінде тұрып, секірмек болған ер адамды көрген.

"Бұл сәтте кез келген орынсыз әрекет орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін еді. Полицейлер сабыр сақтап, ер адаммен байыппен сөйлесіп, назарын басқа жаққа аударуға және сенімді байланыс орнатуға тырысты. Әңгіме барысында оның мұндай қадамға баруына жұбайымен болған ауыр жанжал себеп болғаны анықталды", – делінген Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Қызметкерлердің бірі ер адаммен сөйлесуді жалғастырса, екіншісі қолайлы сәтті пайдаланып, оны балконның ішкі жағына қайта шығаруға көмектескен. Осылайша, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Құтқарылған ер адам дәрігерлерге тапсырылып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемесіне жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы