Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді – ІІМ

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі "Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласында полицейлер 26 жастағы тұрғынды ұстады. Жеке тінту және жалға алған пәтерін тінту барысында одан жалпы салмағы 245 грамм болатын 227 орам а-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Тергеу мәліметінше, күдікті оны елорда аумағында өткізуді көздеген.

ІІМ мәліметінше, шілде айының алғашқы онкүндігінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аумақтық бөлімшелермен бірлесіп 187 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның ішінде 86 қылмыстық теріс қылық және 101 қылмыс тіркелген.

Осы кезеңде:

Заңсыз айналымнан 266 келі прекурсор мен 760 келі есірткі, оның ішінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Министрлік жазғы демалыс кезінде жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында есірткінің алдын алуға бағытталған жұмыстарға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Алғашқы онкүндікте 6 мыңнан астам жасөспірім мен жасты қамтыған 145 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

"Ішкі істер министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жастардың есірткі ортасына тартылуына жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастырады", – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды