Қазақстандықтардың киік етіне деген қызығушылығы азайды

Фото: wikimedia/Saken Dildakhmet
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 14 шілдеде Үкіметтегі брифингте киік етіне деген тұтынушылық сұраныс туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта киік етінен өндірілген өнім көлемі сұраныстан асып түсіп отыр.

"Қазір киік етін өңдейтін кейбір кәсіпорындарда өнім жиналып қалды. Халықаралық ұйымдар тарапынан экспортқа шектеулер бар. Олар халықаралық қорғауға алынған жануарлардан алынатын туынды өнімдер мен олардың өнімдерін экспорттауға рұқсат бермейді. Бұл шаралар ішкі нарықты реттеу мақсатында қабылданды. Бір кезеңде киік етіне, әсіресе консервілерге деген сұраныс жоғары болды. Адамдар оны көбіне ерекше өнім ретінде сатып алды. Қазір бұл қызығушылық бәсеңдеп, өңдеумен айналысатын кәсіпорындар өнімді өткізуде қиындыққа тап болып отыр", – деді Азат Сұлтанов.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда министрлік мәселені шешудің бірнеше жолын қарастырып жатыр.

"Атап айтқанда, киік етін мемлекеттік сатып алудың жекелеген бағыттарында пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда. Әрине, санитариялық талаптар сақталады. Балаларға мұндай өнім берілмейді. Бұл мәселені Экология министрлігімен және Сауда министрлігімен бірлесіп қарап жатырмыз", – деп қосты Азат Сұлтанов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда киіктен алынатын туынды өнімдерді (дериваттарды) өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілетіні хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды