Құжат бірыңғай медициналық өлшемшарттарды қалыптастыруға бағытталған. Бұл азаматтардың өтініштерін қарау кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Министрліктің мәліметінше, бұйрық жобасы жаңа шектеулер енгізбейді және қолданыстағы әлеуметтік қолдау шараларын жоймайды. Негізгі мақсат – инватакси қызметін алу үшін қолданылатын медициналық көрсетілімдердің бірыңғай тізбесін нормативтік тұрғыдан бекіту, құқық қолдану тәжірибесіндегі айырмашылықтарды болдырмау және қызмет көрсетуде ортақ тәсілді қалыптастыру.
Ведомствоның пікірінше, бұйрықтың қабылдануы қызмет көрсету рәсімінің азаматтар мен мемлекеттік органдар үшін ашықтығы мен болжамдылығын арттырып, республика аумағында заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар құжат инватакси қызметін көрсетуге қатысты мәселелерді қарау кезінде мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге және медициналық көрсетілімдерді ескере отырып қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Жалпы, жоба медициналық көрсетілімдерді айқындауда бірыңғай тәсілді енгізіп, инватакси қызметін ұсыну тетігін азаматтар үшін түсінікті, ашық әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Құжат 30 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.