2026 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігінен ОСК-ға аккредиттеуге 4 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 16 байқаушының кандидатурасы ұсынылды.
"Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан 1 кандидатура – Польша сенаторы Каземир Клейна, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан 6 кандидатура, оның ішінде Ассамблеяның жауапты хатшысы Поспелов мырза, ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясынан 1 кандидатура", – деді Мұхтар Ерман.
Сонымен қатар, Грузиядан 2 бақылаушы, оның ішінде Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландарешвили ұсынылды. Ираннан 2 кандидатура, оның ішінде Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар ұсынылды. Швециядан 2 кандидатура, оның ішінде Швецияның Қазақстандағы елшісі Стефан Эриксен ұсынылды. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасынан 2 бақылаушы келуі мүмкін.
Бұған дейін ОСК Құрылтай сайлауына алғашқы партиялық тізімді тіркегенін жазғанбыз.