Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін шетелдіктер төлем қабілеттілігін қалай растайды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 7 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткер шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың елде болған кезеңдегі төлем қабілеттілігін растау қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтініш берген кезде өздерінің төлем қабілеттілігін растауға міндетті.

Ол үшін өтініш беруші ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасындағы резидент банк немесе бейрезидент банктің Қазақстандағы филиалы берген, банктің уәкілетті тұлғасы қол қойған банк шотындағы қаражаттың бар екені туралы анықтаманы ұсынады.

Банк шотындағы қаражаттың мөлшері өтініш берілген күнгі жағдай бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1320 айлық есептік көрсеткіштен (2026 жылы – 5 709 000 теңге) кем болмауы тиіс.

Ұсынылған төлем қабілеттілігін растайтын құжаттардың түпнұсқалығы шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның келісімімен ішкі істер органдарының банкке жолдайтын сұрауы арқылы тексеріледі.

Бұйрық 2026 жылғы 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды