Жылжымайтын мүлік нысандарына мекенжай беру тәртібі нақтыланды

Фото: Zakon.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 шілдедегі бұйрығымен "Жылжымайтын мүлік нысанына мекенжай беру/жою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, "Жылжымайтын мүлік нысанына мекенжай беру/жою" мемлекеттік қызметін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғаларға немесе олардың қамқоршыларына, сондай-ақ заңды тұлғаларға көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет аясында жылжымайтын мүлік нысандарына тұрақты мекенжай беру немесе оны жою жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, өтініштерді қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беретін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және цифрлық үкімет операторына жолдайды.

Бұйрық 2026 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады