Алматы мен Шымкентте қайтадан ыстық күшейеді, Астанада жаңбырлы күндер жалғасады

Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 23-25 шілдеге арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын жаңартты. Алдағы күндері жаңбыр тек елордада сақталады. Ал Алматы мен Шымкентте күн қайтадан ысып, ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

23 шілде: Ауыспалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С.

24 шілде: Ауыспалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 4 м/с-қа дейін баяулайды. Ауа температурасы түнде +14…+16°С, күндіз +25…+27°С.

25 шілде: Ауыспалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +28…+30°С.

Алматы

23 шілде: Ауыспалы бұлтты. Кей уақытта қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19…+21°С, күндіз +29…+31°С.

24 шілде: Ауыспалы бұлтты. Кей уақытта қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +28…+30°С.

25 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +30…+32°С.

Шымкент

23 шілде: Ауыспалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел соғады. Жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°С, күндіз +30…+32°С.

24 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +32…+34°С.

25 шілде: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21°С, күндіз +34…+36°С.

Еске салайық, бұған дейін, 2026 жылғы 21 шілдеде Павлодар облысындағы Қоңырөзек ауылында жаңбырмен бірге жойқын дауыл соққан болатын. Жергілікті тұрғындар құйынға теңеген қатты жел үйлердің шатырын ұшырып, қоршауларды құлатып, елді мекенді жарықсыз қалдырған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді