ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады: мұндай SMS-хабарламаларға сенбеңіз

Фото: pixabay
2026 жылғы 23 шілдеде Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ведомстволық оқу орындарына оқуға қабылдау туралы жалған SMS-хабарламалар тарап жатқанын ескертіп, азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік алаяқтар қазақстандықтарға жолдап жатқан хабарламаның үлгісін де көрсетті.

"Ішкі істер министрлігі ведомстволық білім беру ұйымдарына талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалардың тарап жатқанын хабарлайды. Бұл хабарламалар – жалған және Ішкі істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ", – деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта қабылдау науқаны әлі аяқталған жоқ.

"Конкурстық іріктеудің барлық кезеңі әлі аяқталған жоқ. Құжат қабылдау белгіленген мерзімде – 15-25 шілде аралығында жүргізіледі. Қабылдау науқанының қорытынды нәтижелері барлық іріктеу кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары шешім қабылдағаннан кейін ғана Qyzmet police ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ІІМ Qyzmet police ақпараттық жүйесі талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарлама жібермейтінін ерекше атап өтті.

"Осыған байланысты азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, ондағы сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін ешкімге бермеуге және тек Ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратына ғана сүйенуге шақырамыз", – деп ескертті ведомство.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ жүргізушілерге жаңа медициналық тексеру ережелері туралы тараған қауесеттерге байланысты да үндеу жасаған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз