"Баянауыл" ұлттық табиғи паркінде өрт шықты

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 2 тамызда сағат 14:10-да "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманшылығының 17-орамында орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 2 тамызда сағат 14:10-да "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманшылығының 17-орамында орман өрті тіркелді.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге "Баянауыл" МҰТП-ның 21 қызметкері мен 2 өрт сөндіру автокөлігі, сондай-ақ ТЖД-ның 3 қызметкері жұмылдырылды.

Қосымша күш ретінде оқиға орнына "Баянауыл" МҰТП-ның 5 бірлік техникасы мен 18 қызметкері жіберілуде.

Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Павлодар қаласынан Ми-8 тікұшағы өрт орнына ұшуға дайындалып жатыр.

Жағдай Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тұрақты бақылауында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды