Ақтөбеде 2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен үш адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Полицияға жас жігіт арызбен жүгініп, бірнеше адамның өзінен ақша бопсалап жүргенін хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтап, үш жас жігітті полиция бөліміне жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер 2025 жылдың соңында жәбірленушінің телефонын тартып алып, кейін одан қосымша 2 миллион теңге беруді талап еткен.

Ақшаны беру кезінде күдіктілер полиция қызметкерлерімен қылмыс үстінде ұсталды.

Аталған факті бойынша бопсалау дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінде жүргізілген санкцияланған тінту барысында травматикалық тапанша, пышақ және 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтыққа арналған бір оқ-дәрі тәркіленді. Аталған заттарға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижесі бойынша құқықтық баға берілетін болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін