Шымкентте 100-ге жуық өнерпаз Абай әндерін шырқады

Сурет: Шымкент әкімдігі
Бүгін, 10 тамыз — Абай күніне орай Шымкент қаласында ауқымды музыкалық шеру өтті.

Шартарапты әуенге бөлеген бұл мәдени бастама аясында 100-ге жуық өнерпаз қаланың басты орындарында ұлы ақынның мәңгілік мұрасын паш етті.

Жергілікті өнер ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, Хәкім Абайдың "Көзімнің қарасы", "Желсіз түнде жарық ай", "Айттым сәлем Қаламқас" сынды әндерін әуелете шырқап көпшілікті тәнті етті.

Сурет: Шымкент әкімдігі

Өнерпаздар Әуежай, "Дала мол", Теміржол вокзалы, "Жапон" саябағы, "Плаза", "Сити мол" сауда орталықтарын аралап, әуезді әндерін қалықтатты.

Сурет: Шымкент әкімдігі

Жанды дауыстағы орындаулар қаланың әрбір бұрышын ұлттық өнердің рухына бөледі.

Сурет: Шымкент әкімдігі

Жас пен кәріні баурап алған музыкалық шеру ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулудың және ұлы Абайдың асыл сөзін дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді