Қарағандыда қаланың қақ ортасында "қараусыз қалған" ғимарат сүріледі

Сурет: Instagram/meiram_kozhukhov
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов қаладағы проблемалы нысандарға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы өзінің желідегі парақшасында баяндап отырады. Ол кезекті нысан туралы жазбасын 2026 жылғы 11 тамызда жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімнің айтуынша, Қарағандының қақ ортасында, Бұқар жырау даңғылында, "Абзал" сауда үйінің оң жағында көп жылдан бері қараусыз тұрған ғимарат бар. Оның жағдайы қаланың көркін бұзып тұр.

Көптеген қарағандылық бұл нысанды кезінде түрлі тауарлар сатылған "бес тиын" дүкені ретінде біледі.

"Қаланың басты көшелерінің бірі үшін мұндай нысанның көрінісі мүлде үйлеспейді. Жалпы, Қарағандының қай бөлігінде тұрса да, бұл ғимараттың көрінісі көңіл көншітпейді. Егер ғимаратты иесі тиісті деңгейде күтіп ұстап, нысан қаланың орталығына сән беріп тұрса, ешқандй мәселе болмас еді. Оның үстіне ғимарат бұл жерде толыққанды тротуар салуға және жаяу жүргіншілерге арналған кеңістікті дұрыс ұйымдастыруға кедергі келтіріп тұр", – деп жазды Мейрам Кожухов.

Бұл аумақты ретке келтіру үшін әкімдік нысанды қала меншігіне беруді талап еткен. Ғимарат орналасқан жер телімі нысанмен бірге бағаланып, оның иесіне ресми ұсыныс жіберілген. Алайда меншік иесі ұсыныстан бас тартқан.

"Келісімге келе алмадық. Сондықтан мәселені әрі қарай сот арқылы шешуге тура келді. Бірінші инстанциядағы сот бізді қолдамады, апелляциялық сот та сол шешімді өзгертпеді. Осыдан кейін Жоғарғы сотқа жүгіндік. Жоғарғы сот қаланың ұстанымын қолдап, біздің пайдамызға шешім шығарды", – деді Мейрам Кожухов.

Қала әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта сот шешімінде көзделген барлық міндеттемелер орындалған.

14 тамызда нысан қала меншігіне беріледі.

"Одан кейін ғимаратты сүріп, оның орнына толыққанды тротуар мен автотұрақ саламыз", – деп мәлімдеді қала әкімі.

Бұған дейін Алакөлде жоғалған телефон мен қолсөмке ЖИ камераларының көмегімен табылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Магистратура грантына кімдер таласа алады

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды