Алакөлде жоғалған телефон мен қолсөмке ЖИ камераларының көмегімен табылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 14:38 Фото: Zakon.kz
Абай облысында демалушының жоғалған телефоны мен қолсөмкесі жасанды интеллект жүйесі орнатылған камералардың көмегімен бір сағат ішінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскемен тұрғыны Алакөл жағалауында демалып жүріп, телефоны мен қолсөмкесін ұмытып кеткен. Заттарын өздігінен таба алмаған соң, полицияның модульдік бекетіне жүгінген.

Тәртіп сақшылары жағалаудағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Нәтижесінде жоғалған заттарды жағалаудан өтіп бара жатқан азаматтың тауып алып, полицияға тапсыруға ниеттенгені анықталды.

Камера жазбалары мен дронның көмегімен азаматтың жүрген бағыты белгіленді. Шамамен бір сағаттан кейін телефон мен қолсөмкедегі барлық зат табылып, иесіне қайтарылды.


"Заттарымды өзім таба алмай, қатты уайымдадым. Полиция қызметкерлері бірден көмек көрсетіп, бейнебақылау камералары арқылы тауып бергеніне қуандым. Жедел әрекеттері үшін алғыс айтамын", – деді Өскемен тұрғыны.

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері Дастан Бейсканов, Ұлан Шора және Ерлан Қалиев қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: