Қарағандыда қызметтік иттің көмегімен жоғалған бойжеткен табылды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2026 14:13 Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласында полицияның жедел әрекеті мен қызметтік іздестіру итінің көмегімен жоғалған 18 жастағы бойжеткен қысқа уақыт ішінде табылып, отбасына аман-есен табысталды.

Бойжеткен қыз кездесуге шығып, үйіне айтылған уақытта қайтпаған. Жағдайды қиындатқан тағы бір жайт – оның телефоны үйде қалып қойған.

Қызымен байланыса алмаған анасы өз бетінше іздестіргенімен, нәтижеге қол жеткізе алмай, полициядан көмек сұраған. Хабарлама түскен бойда оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қызметтік іздестіру итімен бірге іздеу жұмыстарына кірісті.

Кинолог төрт аяқты серігіне із кесу тапсырмасын беріп, қызметтік ит бойжеткен жүрген бағытты дәл анықтады. Қызметтік иттің ерекше қабілеті мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде көп ұзамай бойжеткеннің жүрген жері анықталды. Ол аман-есен табылып, анасына тапсырылды.

Бұл оқиға қызметтік иттердің адамдарды іздестірудегі тиімділігін және полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: