Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сурет: Telegram/shko_resmi
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде кадрлық өзгеріс болды. Облыс әкімінің орынбасары қызметіне 46 жастағы Ренат Құрмамбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 13 тамызда ШҚО әкімдігінің ресми Telegram арнасында хабарланды.

"Ренат Құрмамбаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Алтай ауданының әкімі қызметін атқарған. Жаңа қызметінде Ренат Тілеуханұлы ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелеріне жетекшілік етеді", – делінген хабарламада.

Ренат Құрмамбаев 1980 жылғы 25 қаңтарда Үлкен Нарын ауданының Ново-Березовка ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжін "Еңбекке баулу" мамандығы бойынша, 2001 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру бойынша кәсіптік оқыту" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Қазақ-Америка еркін университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2003 жылы Катонқарағай аудандық мәдениет бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі бас маманы болып бастаған. 2005 жылы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2005-2008 жылдары Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2008-2009 жылдары Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр бөлімін басқарды. 2009-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас инспектор болып еңбек етті.

Әр жылдары Катонқарағай және Ұлан аудандарының әкімі, ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары және Алтай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін Алтай ауданының әкімі болды.

Бұған дейін, 2026 жылғы 22 шілдеде Дархан Сапановтың Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа бірінші орынбасары болып тағайындалғаны хабарланған еді. Ол бұл қызметте аса ірі мөлшердегі алаяқтық және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған Жақсылық Омарды алмастырды.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Шынар Ақпарова оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды