Министрдің айтуынша, бұл мәселе қазір академиялық қауымдастық арасында қызу талқыланып жатыр.
"Жоғары білімді қолдай отырып айтарым, білімнен бөлек, әлеуметтену, командада жұмыс істей білу, қарым-қатынас орнату және белгілі бір қоғамда бірге өмір сүру дағдылары да өте маңызды. Бұған қоса, жоғары білім адамның ойлау жүйесін қалыптастырады. Кез келген жоғары зияткерлік қызмет үшін белгілі бір талдау аппараты, ойлау жүйесі мен оның құрылымы қажет. Мұндай ойлау құрылымын тек арнайы институттар арқылы қалыптастыруға болады", – деді Саясат Нұрбек.
Ол барлығы адамның ойлау тереңдігі мен құрылымына байланысты екенін атап өтті.
"Мұндай пікірталастар жалғаса береді, олар мәңгілік. Алайда жоғары білім министрі ретінде айтарым: жоғары білім қажет. Онсыз қоғам мен экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес", – деп толықтырды Саясат Нұрбек.
Бұған дейін Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Бағдат Мусин де осы мәселеге қатысты пікір білдірген еді.