Қазақстан ұлттық паркіндегі тосын кездесу: жыртқыш пен жемтік бір суаттан табылды

Сурет: Telegram/qazfwc
Қазақстандағы ұлттық парктердің бірінде жыртқыш пен оның ықтимал жемтігінің тосын кездесуі фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 19 тамызда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді.

"Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ жабайы табиғаттағы ерекше сәтті түсіріп алды. Бір суаттың басына бүркіт пен қарақұйрықтар қатар келген. Табиғатта олардың кездесуі әдетте мүлде басқаша өрбиді: бірі – жыртқыш, екіншісі – оның ықтимал жемтігі. Алайда бұл жолы бәрі басқаша болды. Бір-біріне жақын тұрғанына қарамастан, бүркіт пен қарақұйрықтар тыныштық сақтап, бір-біріне назар аудармаған", – делінген хабарламада.

Комитет мәліметінше, бүркіт қарақұйрықтың төліне шабуыл жасай алады. Ал қарақұйрықтар әдетте бұл жыртқыштан аулақ жүруге тырысады. Сондықтан олардың Алтынемелдегі бір суаттың басында осылайша тыныш қатар тұруы ерекше қызығушылық тудырды.

"Мұндай әрекетке аптап ыстық пен суға деген қажеттілік әсер етуі мүмкін. Жазғы аптапта суаттардың жабайы жануарлар үшін маңызы арта түседі. Кейде шөлін қандыру қажеттілігі олардың бойындағы әдеттегі сақтықтан басым түседі", – деп пайымдады комитет өкілдері.

Фототұзақ Алтынемелдің жабайы табиғатында болған осы ерекше сәттің үнсіз куәгеріне айналды.

"Бір суат. Бір сәт. Тосын кездесу. Алтынемелдің жабайы табиғаты бізге тағы бір таңғажайып көрініс сыйлады", – деп қорытындылады комитет.

2026 жылғы 18 тамызда Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті сирек кездесетін кадрларды жариялады. Фототұзаққа Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықтар түсіп қалған.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды