Қазақстанда Құрылтай есімді қанша адам бар

Фото: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 21 тамызда Қазақстанда Құрылтай есімді қанша адам тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, бұл есім және оның түрлі нұсқалары елімізде сирек кездеседі.

"2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда "Құрылтай", "Курылтай", "Курултай" және "Курлтай" есімдерін иеленген 10 азамат тіркелген. Олардың алтауы – ер адам, төртеуі – әйел", – деп хабарлады бюро.

Құрылтай есімі мен оның нұсқаларын иеленгендер ең көп Шығыс Қазақстан облысында тұрады – төрт адам. Тағы екі адам Алматыда тіркелген. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір-бір адамнан тұрады.

Осы есімді иеленген 10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ең үлкені – 80 жаста. Сондай-ақ 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтардың әрқайсысында бір-бір адамнан бар.

Қазақстанда тағы қандай сирек есімдер кездесетіні туралы Zakon.kz бұған дейін жазған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді