Қазақстандықтар eGov.kz және мемлекеттік сайттардың жұмысындағы ақауларға шағымданды

Фото: primeminister.kz
Бүгін, 21 тамызда қазақстандықтар электронды үкіметтің eGov.kz порталы мен басқа да мемлекеттік сайттардың жұмысында ақау болғанына шағымданды. Осыған байланысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Detector404.kz мәліметінше, соңғы бірнеше сағатта eGov.kz порталының жұмысына қатысты шағымдар саны күрт өскен. Сондай-ақ қолданушылар "Е-Өтініш" сервисі мен кейбір мемлекеттік органдардың сайттарында ақау болғанын айтқан.

"Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері, соның ішінде eGov.kz және басқа да мемлекеттік цифрлық ресурстар штаттық режимде жұмыс істеді және жұмыс істеп тұр. Сыртқы интернет-трафиктің белсенділігі артуына байланысты қазақстандық интернетті қорғау тетіктері іске қосылды. Соның салдарынан жекелеген мемлекеттік сайттарға интернет арқылы қысқа уақытқа қолжетімсіздік орын алды. Қорғаныс тетіктері сыртқы белсенділікке дер кезінде жауап беріп, ұлттық цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етті", – деп түсіндірді жұма күні компанияның баспасөз қызметі.

ҰАТ мәліметінше, қазіргі уақытта трафик қалпына келтіріліп, ресурстарға қолжетімділік штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

"Мамандар жағдайды бақылауды және цифрлық сервистерге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр. "ҰАТ" АҚ-ның барлық жүйесі мен инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ақаулар туралы ақпаратты растамаймыз", – деп қорытындылады компанияның баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар eGov.kz және мемлекеттік сайттардың жұмысындағы ақауларға шағымданды

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты