Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. 

Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Сайлау заңының нормаларына сәйкес сайлау учаскелерінде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, 12 сағаттан аспауға тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын-ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.

Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:

1. Астана қаласы бойынша — 51,67%

2. Абай облысы бойынша — 81,41%

3. Ақмола облысы бойынша — 82,69%

4. Ақтөбе облысы бойынша — 88,30%

5. Алматы облысы бойынша — 71,17%

6. Атырау облысы бойынша — 70,74%

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 73,38%

8. Жамбыл облысы бойынша — 85,18

9. Жетісу облысы бойынша — 91,19%

10. Қарағанды облысы бойынша — 76,28%

11. Қостанай облысы бойынша — 76,47%

12. Қызылорда облысы бойынша — 90,75%

13. Маңғыстау облысы бойынша — 71,38%

14. Павлодар облысы бойынша — 71,20%

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 77,31%

16. Түркістан облысы бойынша — 92,16%

17. Ұлытау облысы бойынша — 70,72%

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 87,50%

19. Алматы қаласы бойынша — 43,23%

20. Шымкент қаласы бойынша — 75,42%.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ын құрады.

Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала нәтижелері арнайы брифингте хабарланатын болады. Брифингтің уақытын қосымша хабарланады.

Осымен Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы хабардар ету жөніндегі жұмысын аяқтайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін