Бұл туралы 2026 жылғы 24 тамызда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Қадағалау органының мәліметінше, тексеру барысында аудан тұрғындарының бірінің алимент төлеу міндетін ұзақ уақыт бойы орындамағаны анықталған.
Оның кәмелетке толмаған баласының алдындағы қарызы 3,6 млн теңгеден асқан.
"Баланың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратура атқарушылық іс жүргізу аясында тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде 2026 жылғы 6 мамырда Қарабалық аудандық соты борышкердің Қарабалық ауылында орналасқан тұрғын үйіне өндіріп алу туралы ұйғарым шығарды", – делінген хабарламада.
Тағы бір жағдайда борышкер 2019 жылдан бері бірнеше жыл бойы баласын асырау жөніндегі міндетін орындаудан жалтарған. Оның қарызы 3,4 млн теңгені құраған.
"Прокуратураның бастамасымен борышкердің жылжымайтын мүлігінен өндіріп алу процессі қолданылды. Қазіргі уақытта пәтердегі үлестен жиналған қарызды өтеу есебі жүргізіліп жатыр", – деп қорытындылады қадағалау органы.
Бұған дейін алматылық ер адам алимент төлеуден жалтармақ болып, ақырында өзі ұсталып, әйелін де қиын жағдайға қалдырғаны туралы жазған болатынбыз.