Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Алматы тұрғынының алимент төлемеуіне қатысты қылмыстық істі тергеу кезінде полиция оның өзге де құқықбұзушылық әрекеттері бар екендігін анықтаған және оған әйелінің де қатысы бар болып шықты. Сондықтан ерлі-зайыптылардың екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 16 тамызда Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, бастапқыда балаларын асырауға алимент төлеуден ұзақ уақыт бойы жалтарып жүрген Алматы тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергелген.
Алайда тергеу барысында тағы да қызықты жайттар анықталған.
"Бұған дейін ер адамды патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Ол көлік құралын басқару құқығы болмай тұрып, көлік жүргізген. Сонымен қатар көлікті оған өзінің әйелі бергені анықталды", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың екеуі де жауапкершілікке тартылды. Ер адамға көлік жүргізу құқығынсыз көлік басқарғаны үшін хаттама толтырылса, оның әйелі көлік жүргізу құқығы жоқ адамға автокөлікті басқаруға бергені үшін айыппұл арқалады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript