Алматыда полиция айыппұл төлеуден жалтарған көлік иелерін анықтады
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматыда әкімшілік полиция қызметкерлері шетелдік нөмірлі көліктерді және әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау мақсатында тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеріс нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар бойынша едәуір берешегі бар, оның ішінде шетелдік тіркеудегі нөмірлермен жүрген 23 автокөліктің иелері анықталды.
"Біздің міндет – жол қозғалысына қатысушылардың барлығына бірдей талап қою. Анықталған барлық дерек заң аясында соңына дейін жеткізіліп, жүргізушілер жауапкершілікке тартылады. Мұндай автокөліктерді анықтау жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі", – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Бұған дейін Абай облысында браконьер ұсталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript