Алматыда полиция айыппұлы көп көлік жүргізушілерін "аулауда"

Полиция, Алматы, Борышкер, әкімшілік айыппұл, алимент, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 18:53 Сурет: Zakon.kz
Алматыда әкімшілік айыппұлдарды, сондай-ақ салық берешегін және алименттерді өндіру мақсатында “Борышкер” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, борышкерлер "Қорғау" автоматтандырылған жүйесі арқылы анықталуда. Барлық қарызы толық өтелгенше олар мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылады.

Іс-шара басталғалы 22 көлік айыппұл тұрағына қойылды.

"Олардың айыппұл, салық және алимент бойынша жалпы қарызы 19 млн 976 мың 487 теңгені құраған. Тағы 66 жүргізуші 13 миллион теңгеден астам қарызын өтеді", – деді Алматы қалалық ПД ӘПБ әкімшілік тәжірибенің бастығы Елнұр Құдретбаев.


Алматы қалалық полиция департаменті азаматтарды жеке жауапкершілікті күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және құқықбұзушылықтар үшін айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: