Алматыда полиция борышкерлерді іздестіріп жатыр

Әкімшілік айыппұлдар, алимент өндіру, сондай-ақ салықтық берешектерді өтеу мақсатында 2025 жылдың 25-28 қарашасы аралығында Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер департаменті мен Жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасымен бірлескен "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 10:46 Сурет: ҚР ІІМ
Әкімшілік айыппұлдар, алимент өндіру, сондай-ақ салықтық берешектерді өтеу мақсатында 2025 жылдың 25-28 қарашасы аралығында Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер департаменті мен Жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасымен бірлескен "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Борышкерлер автоматтандырылған полиция жүйелері арқылы анықталады.

Берешек толық өтелгенге дейін олардың көлік құралдары мамандандырылған айыптұрағына орналастырылады.

Іс-шараның алғашқы күні айып тұрағына алимент және айыппұл қарыздары жалпы шамамен 6 миллион теңгені құрайтын 5 көлік құралы қойылды, – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Полиция тұрғындарды жеке жауапкершілікті арттыруға, жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай сақтауға және құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: