Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші анықталды

Жалған нөмір тағып алып жүрген, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2022 13:52 Сурет: polisia.kz
Жазаның бұлтартпастығы қағидатын, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды қамтамасыз ету мақсатында Өскемен қаласының аумағында 14-16 қыркүйек аралығында “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар 1 млн теңге сомасына 39 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген автокөлік жүргізушісі ұсталды. Сонымен қатар, жүргізуші көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлға екені анықталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Өскемен қалалық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаев.

Өскемен қаласының Полиция басқармасы ҚР ӘҚБтК 810-бабына (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негіздері) сәйкес борышкерлердің әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының 50 пайызын төлеуге құқығы бар екенін еске салады, деп жазады Polisia.kz.

Айыппұлды өз еркімен төлеу үшін қолданыстағы заңнамада 40 күндік мерзім қарастырылғанын ескертеміз. Айыппұл төленбеген жағдайда жоғарыда көрсетілген мерзімде әкімшілік материал мәжбүрлеп өндіріп алу үшін мемлекеттік не жеке сот орындаушыларына жіберіледі, – деді тәртіп сақшысы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: