Құрылтай депутаттарын сайлау: дауыс беру қорытындысы жарияланды

Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 25 тамызда өткен брифингте 23 тамызда болған Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс беру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Бүгін аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер негізінде дауыс берудің түпкілікті қорытындысын жариялай аламыз. Қазақстанда барлығы 12 623 289 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Дауыс беруге 9 351 539-дан астам адам қатысты. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 74,08%-ын құрайды", – деді ОСК төрағасы.

Оның айтуынша, референдуммен салыстырғанда бұл жолғы дауыс беруге 224 357 адам артық қатысқан.

Сурет: ОСК

Бес пайыздық межеден бес партия өтті:

"Нәтижесінде бес партия мандаттарды бөлу рәсіміне қатысады. Қажетті дауыс санын жинай алмаған екі партия өтпейді", – деді ОСК төрағасы.

Сайлау қорытындысы бойынша партиялар арасында мандаттар былай бөлінді:

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтті. Сол күні Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифингте Құрылтайдың сайлануына зор үміт артатынын және оның Қазақстанның дамуына тың серпін беретініне сенетінін айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамында өзгерістер болатынын мәлімдеді.

Қазақстан
Құрылтай
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін