Жамбыл облысында көлік нөміріне қатысты айла әшкере болды

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөміріне қатысты жасалған айла үшін ер адам әкімшілік қамаққа алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрінеу жалған мемлекеттік нөмір тағылған көлік құралын басқару дерегі бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Жуалы аудандық соты қарады. Іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігі бойынша қаралған.

"Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, үш тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды", – делінген соттың 2026 жылғы 25 тамызда Telegram-арнасында жарияланған хабарламасында.

Сот анықтағандай, ер адам Volvo маркалы жүк көлігін басқарып келе жатқанда Жуалы ауданындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында полиция қызметкерлеріне тоқтатылған.

"Көлік нөмірін тексеру кезінде оның кішкентай қағазбен жабылғаны анықталды. Соның салдарынан мемлекеттік нөмірдегі "Е" әрпі "F" әрпіне өзгертілген. Құқық бұзушыға қатысты хаттама толтырылды. Азамат А. кінәсін мойындап, нөмірдегі қағазды байқамағанын және оны әйелінің інісі қалжың ретінде жапсырғанын түсіндірді", – деп хабарлады Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Алматыда BMW жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін 66 рет өрескел бұзып, 2,4 млн теңге айыппұл жинағаны туралы жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме