Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны тау-кен саласынан жоғары болады – Жұманғарин

Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 25 тамызда өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібінің өсетіні туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны тау-кен өнеркәсібіндегі өсімнен жоғары болады.

"Өңдеу өнеркәсібінің өсуіне металлургия, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, химия және тамақ өнеркәсібі негізгі үлес қосады", – деді Серік Жұманғарин.

Экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі ауыл шаруашылығы болмақ. Бұл саладағы орташа жылдық өсім кемінде 5%-ды құрайды.

Бұған дейін Серік Жұманғарин 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырған еді.

Қазақстан
Жұманғарин Серік
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты