Астана, Алматы және Шымкент бойынша жаңартылған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: unsplash
Алдағы үш күнде Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ түсуі мүмкін. Ал Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күн +36°С-қа дейін ысиды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған 26, 27 және 28 тамызға арналған жаңартылған болжамда айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана бойынша ауа райы болжамы

26 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы түнде 0-5 м/с, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +25...+27°С.

27 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +27...+29°С.

28 тамызда көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +23...+25°С.

Алматы бойынша ауа райы болжамы

26 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстіктен 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°С, күндіз +27...+29°С.

27 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +29...+31°С.

28 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +31...+33°С.

Шымкент бойынша ауа райы болжамы

26 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +33...+35°С.

27-28 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +34...+36°С.

Бұған дейін жаздың соңғы күндері Қазақстан тұрғындарын ауа райының күрт өзгеруімен таңғалдыратыны туралы жазған едік. "Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, 2026 жылғы 25-27 тамызда ел аумағының бір бөлігінде жаңбыр жауып, соңы қар аралас жаңбырға ұласады. Сонымен қатар кей өңірлерде ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін