Ол еліміздің барлық өңірінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Бүгінде 10 913 білім беру нысанының 10 693-і дайын. Бұл жалпы көрсеткіштің 98%-ын құрайды. Сегіз өңірде дайындық жұмыстары 100% аяқталған. Алматы және Ақтөбе облыстары кестеден қалып келеді", – деді Ерсайын Нағаспаев.
Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау нысандарындағы жағдай да осыған ұқсас. Дайындық деңгейі 98%-ды құрайды, яғни 5394 нысанның 5281-і жылыту маусымына дайын.
"Алты өңірде денсаулық сақтау нысандары 100% дайын. Шымкент пен Алматы қалаларында көрсеткіш төмен", – деп толықтырды Ерсайын Нағаспаев.
Бұған дейін Алматы тұрғындарына жылу және ыстық су бойынша берешекке есептелген өсімпұлдан құтылу ұсынылғаны туралы жазған едік.