Абай Алтай президент Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды

Фото: Zakon.kz
Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 27 тамызда Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген ресми хабарламада.

Абай Алтай 1991 жылғы 17 қаңтарда дүниеге келген. 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2013 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф университетін "Аймақтану" және "Іскерлік әкімшілендіру" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолында "Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттеу орталығының маманы, ҚР Парламенті Сенаты төрағасы орынбасарының көмекшісі, Сенат аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты, Сенат төрағасының көмекшісі, Сенат төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Сенаттың Халықаралық ынтымақтастық және протокол бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ ҚР Президенті протоколы қызметінде консультант, инспектор, сектор меңгерушісі, Президент Іс басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне 2023 жылғы 7 маусымда тағайындалған болатын.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қыркүйек қарсаңында пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанадағы бағалар қандай

"Күн ашық болады". Еліміз бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамы

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді