Қазақстанда психологтардың кәсіби стандарты әзірленді

Сурет: pexels
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі психологтердің қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайтын кәсіби стандарт жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіби стандарттың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге, мүгедектігі бар және дамуында ерекшеліктері бар адамдарға, сондай-ақ психологиялық көмекке жеке тәртіппен жүгінетін жеке және заңды тұлғаларға білікті, әдеп нормаларына сай әрі ғылыми негізделген көмек көрсету.

Психологиялық көмек диагностика, кеңес беру, түзету, оңалту, абилитация, психологиялық профилактика және психологиялық ағарту жұмыстарын қамтиды. Бұл шаралар адамның психологиялық саулығын сақтауға және нығайтуға, оның қоғамға бейімделуі мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Стандарт білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарында еңбек ететін, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын психологтердің қызметін қамтиды.

Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, жоба "Кәсіптік біліктілік туралы" заңның талаптарын іске асыру, салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу мен жаңартуға бірыңғай әдістемелік тәсіл қалыптастыру және олардың сапасын арттыру мақсатында дайындалған.

Сонымен қатар құжат салалық біліктілік шеңберлерін еңбек нарығының қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерімен байланыстыруды көздейді.

Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 11 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қыркүйек қарсаңында пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанадағы бағалар қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Әділет" партиясынан Құрылтай құрамына кімдер кіретіні белгілі болды

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады