Болжамға сәйкес, +35°С аптап ыстық еліміздің тек екі өңірінде күтіледі:
- Алматы облысы;
- Жетісу облысы.
"Антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте түнде нөсер жаңбыр болып, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, сондай-ақ еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, ал солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады", деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ болжамда бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатыны айтылады:
- жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының батысында, шығысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК еліміздегі ірі үш қала бойынша 2026 жылғы 28, 29 және 30 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.