Қазақстандық оқушыларды 1 қыркүйектен бастап қандай жаңашылдықтар күтіп тұр

Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 2026 жылғы 28 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушыларды қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Шынар Ақпарованың айтуынша, жаңа оқу жылының басты ерекшелігі – орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу. Осы мақсатта "Цифрлық сауаттылық" және "Информатика" пәндерінің атауы өзгертілді.

"2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 шағын жинақты мектепте жасанды интеллект технологияларын қолдануға негізделген пилоттық жоба іске қосылады. Жоба қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға бағытталған. Жалпы пилоттық кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды. 2029 жылға дейін ол барлық 2600 шағын жинақты мектепке кезең-кезеңімен енгізіледі", – деп түсіндірді ол.

Спикердің мәліметінше, Қазақстандағы 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алады. Биыл 380 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады. Ал 227 мың оқушы 11-сыныпта оқиды. Өткен оқу жылында 230 мыңнан астам түлек мектеп бітірген.

Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік-эмоциялық оқытуға және балалардың өмірлік қиындықтарға төзімділігін дамытуға негізделген "Жеке қауіпсіздік" курсы енгізіледі. Сабақ 5–8-сыныптарда төрт аптада бір рет, ал 9–11-сыныптарда екі аптада бір рет өткізіледі.

"Сонымен қатар бірыңғай мемлекеттік цифрлық диагностикалық платформа енгізіледі. Ол балалардың жағдайын жүйелі түрде бақылауға, тестілеудегі формалды тәсілді болдырмауға және Ұлттық білім беру дерекқорын "Балалардың психологиялық әл-ауқаты" бағыты бойынша трансформациялау аясында балаға үздіксіз қолдау көрсетуге мүмкіндік береді", – деп қорытындылады Шынар Ақпарова.

Қазақстандық оқушыларға сабақ кезінде смартфон пайдалануға тыйым салынды. Оқу-ағарту министрлігі бірыңғай талаптар әзірлегенімен, оқушылар мен ата-аналардың әлі де сауалдары бар. Жаңа ережелердің іс жүзінде қалай қолданылатыны және қандай шектеулер қарастырылғаны туралы осы жерден оқуға болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін