Айбек Дәдебай Қазақстан Құрылтайының төрағасы болып сайланды

Сурет: akorda.kz
Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 28 тамызда өткен алғашқы жалпы отырыста бір палаталы Парламенттің төрағасын сайлады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтай төрағасын депутаттар жасырын дауыс беру арқылы сайлайтынын айтты. Ол бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымға Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынғанын еске салды.

Отырысқа қатысқан Құрылтай депутаттарының барлығы дауыс берді. Дауыс беруге 30 минут уақыт бөлінді.

Нәтижесінде депутаттар Айбек Дәдебайдың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Осылайша, ол Құрылтай төрағасы болып сайланды. Дауыс беру қорытындысын Есеп комиссиясының төрағасы, депутат Жанарбек Әшімжанов жариялады.

Айбек Дәдебай 1980 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, 2003 жылы осы оқу орнының магистратурасын тәмамдаған. Аймақтану магистрі.

Еңбек жолын 2001–2002 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып бастаған.

2008–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.

2011–2013 жылдары Қазақстанның БҰҰ жанындағы Женевадағы тұрақты өкілдігінде атташе, үшінші хатшы болды.

2013–2019 жылдары Парламент Сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, хатшылық меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2019–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары болды.

2021 жылғы мамырдан 2022 жылғы қаңтарға дейін Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.

2026 жылғы 5 мамырда Айбек Дәдебай Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды.

Кейін ол жаңадан құрылған "Әділет" партиясының төрағасы болды.

Қазақстан
Айбек Дәдебаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Демалыс уақытында баланың бос уақытын қалай пайдалану керек

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда