Сәтбаев қаласында тазалық акциясы өтті

Cурет: Сәтбаев қалалық ЖРО
Сәтбаев қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала аумағын абаттандыруға және тазалықты сақтауға бағытталған акция өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға 50 бала қатысып, қала аумағында тазалық жұмыстарын жүргізуге өз үлестерін қосты. Жастар мен балалар қоғамдық орындарды қоқыстан тазалап, айналаны ретке келтіруге атсалысты.

Акция соңында барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында "Кинза" отбасылық мейрамханасына 3 000 теңгелік сертификаттар табысталды.

Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарауды насихаттау, сондай-ақ туған қалаға деген жанашырлық сезімін арттыру.

Сурет: Сәтбаев қалалық ЖРО

Мұндай бастамалар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Әрбір тұрғын өз ауласын, көшесін және қоғамдық орынды таза ұстауға үлес қосса, қаланың көркі де арта түсетіні сөзсіз.

Тазалық акциясына қатысқан балалар өз еңбектері арқылы қоршаған ортаға деген қамқорлықтың маңызды екенін көрсетті. Таза әрі жайлы қала – баршаға ортақ жауапкершілік.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді