Күндіз Павлодар мен Ақтөбеде, түнде Астана мен Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты тұрғындарға далада ұзақ уақыт жүрмеуге кеңес берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді.

"2026 жылғы 31 тамызда Павлодар мен Ақтөбеде, түнде Астана мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген ескертуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы. Оған желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай кезде қала тұрғындарына, әсіресе көлік жолдары мен ауаны ластайтын нысандардың маңында ашық ауада ұзақ жүрмеу ұсынылады.

Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық дерттері бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін, 30 тамызда "Қазгидромет" Алматы мен Ақтөбе тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерткен еді.

Қазақстан
Ақтөбе
Алматы
Павлодар
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты