Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігінің басшысы болып тағайындалды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 31 тамызда Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

"Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін агенттікті басқарған Кемелбек Ойшыбаев атқарып отырған қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Ләззат Танысбайдың телевизия саласында 30 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Ол әр жылдары "Астана" телеарнасын, "НҰР-Медиа" медиахолдингін, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ мен "Еуразия" телеарнасын басқарған. Сондай-ақ Қазақстанның Байланыс және ақпарат министрлігінде қызмет атқарған.

"Жинақталған кәсіби және басқарушылық тәжірибе "Хабар" агенттігі" АҚ жұмысын одан әрі жетілдіруге, қызметтің негізгі бағыттарын жүйелі түрде жаңғыртуға және 24KZ телеарнасының елдегі жетекші қоғамдық-саяси арна ретіндегі рөлін арттыруға бағытталады", – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Кемелбек Ойшыбаев "Хабар" агенттігін 2023 жылғы 13 қыркүйектен бері басқарды.

Ләззат Танысбай 2025 жылғы 18 тамыздан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін "Бірінші арна "Еуразия" ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Мемлекет басшысы зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Қазақстанда инвестициялық өсімнің жаңа кезеңі басталды

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда