Қар аралас жаңбыр мен үсік: 1-3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 1-3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, күнтізбелік күздің алғашқы күндерінде Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды солтүстік антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен көбіне жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы сақталады.

Еліміздің солтүстік жартысында түнде кей жерлерде үсік жүреді. Ал күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды.

1-2 қыркүйекте солтүстік циклонның жырасы мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің солтүстігінде, шығысы мен орталығында жауын-шашын болжанады. Түнде жаңбыр мен қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды.

Алматы облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

"Түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Өңірлердегі ауа температурасы

Бұған дейін метеорологтар Қазақстанның төрт ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын ескертіп, тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес берген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

2027 жылы Қазақстанда қандай отбасылар ауқатты деп танылып, жәрдемақыдан қағылуы мүмкін