Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды

Сурет: akorda.kz
Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті Жарлыққа бүгін, 2026 жылғы 31 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы дүниеге келген. 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990-2017 жылдары құқық қорғау органдарында, соның ішінде прокуратура мен Мемлекеттік тергеу комитетінде, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары, ал 2019-2022 жылдары Бас прокурор болды.

2022-2023 жылдары Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарды. 2023 жылғы 1 қыркүйекте Президент Жарлығымен Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді.

І сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (2022).

Бұған дейін Аида Балаеваның Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалғаны хабарланды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар Жарлыққа қол қойды. Соның біріне сәйкес Ерлан Қарин бұрынғы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығымен Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Қазақстанда инвестициялық өсімнің жаңа кезеңі басталды

Мемлекет басшысы зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды