Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін Қазақстанның бірден үш ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Осыған байланысты тұрғындарға көшеде көп жүрмеу керектігі ескертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылды:

"2026 жылғы 1 қыркүйекте Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына сыртта жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе автожолдардың маңында немесе басқа да ластану көздеріне жақын жерде ұзақ уақыт болмаған жөн.

Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүрген кезде өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек.

Еске слайық, 2026 жылғы 31 тамызда Павлодар, Ақтөбе, Астана және Атырау тұрғындарына да қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жасалған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді