Қазақстанда 10 қыркүйектен бастап электр энергиясының тарифтері қайта қаралады

Фото: Zakon.kz
Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізуді көздейтін құжат жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету және энергия өндіруші қуаттарды кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында 60 энергия өндіруші ұйымның шекті тарифтері қайта қаралғаны айтылған.

Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, бұл шешім жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, сондай-ақ жабдықтарды жаңарту және олардың сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұзақмерзімді бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті қаржылық жағдай жасауға бағытталған.

Энергия өндіруші ұйымдар үшін түзетілген тарифтерді 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 6 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Бұған дейін электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту тәртібі өзгергені хабарланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды